Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астанада жиһаз цехында өрт шықты
696
оқылды

Астана қаласында жиһаз цехы өртке оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық ТЖД мәліметінше, оқиға таңғы 8:44-те болған. 

«ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал к. бойынша жоғары дәрежеде шақырылды. Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала болжамды ауданы – 500 шаршы метр», – делінген департамент хабарламасында.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.