Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр.
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды
Фото: «ҚазМұнайГаз» компаниясы баспасөз қызметі
3,068
оқылды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженерін қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, компания комиссиясы жұмысының нәтижесі бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғ.Жусанбаев және бас директордың орынбасары – бас инженер А.Шошанбасовты қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелетін болады.

Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр.