Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ақмола және Атырау облыстарында өрттен 2 адам қаза тапты
Фото: ТЖМ
697
оқылды

Ақмола және Атырау облыстарында өрт салдарынан 2 адам қаза тапты. 

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 ақпанда Атырау қаласының «Жерұйық» шағын ауданындағы екі қабатты жеке тұрғын үйде 25 шаршы метр аумақта өрт болған. Өрт сөндірушілер барлау жұмыстары кезінде 1954 жылы туған ер адамның денесін тапты. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің басқа бөлмелерге таралуының алдын алуға мүмкіндік туды. 

Сондай-ақ Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Бауманское ауылында екі пәтерлі жеке тұрғын үйдің пәтерінде 80 шаршы метр аумақта өрт болды. Өрт орнында үйінділерді тазалау кезінде 1970 жылғы азаматтың мәйіті табылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.