Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 35 адам, 11 техника және қаланың шұғыл іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.
Алматыда жанып жатқан көпқабатты үйден 17 адам құтқарылды
707
оқылды

Алматылық өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 17 адамды құтқарып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, 20 ақпан түнгі сағат 01.53-те Бостандық ауданы Өтепов көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан.

Баспалдақтарда қатты түтін пайда болып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Дереу газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғын үй кешенінің тұрғындарын эвакуациялау және құтқару бойынша жұмыстар жүргізді.

«Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен 2 адамды құтқарып, 15 адамды эвакуациялады. Сағат 02.39-да өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралардың арқасында көрші пәтерлер аман қалды», – делінген ведомство хабарламасында.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 35 адам, 11 техника және қаланың шұғыл іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.