"Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы әрі жүргізушісі Жанар Байсемізова шетелдіктер асырап алған қазақ қызы Джулиананың америкалық азаматқа тұрмысқа шығып жатқанын сүйіншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Жанар Байсемізова Джулиананың шетелдегі анасымен әрдайым хат-хабар алмасып тұратынын, елімізден Джулиананың туған әкесі, туыстары табылғанын айтады.
"Біздің сұлу қызымыз тұрмысқа шықты! Дәл қазір Америкадан жеткен сүйінші хабар. Джулиананы бәріңіз @sheteldegi_qazaq_balalary білесіздер. Асырап алған анасы @susan.elko.harris қуанып, суреттерін жіберіп жатыр. Күйеу баламыз Джулиана десе ішкен асын жерге қоятын тамаша жігіт екен. Бұған дейін сұлу қызымыздың туған әкесі, ағайын-туысы, ата-әжесі табылғанын хабарлаған едім. Джулиананың бағы ашылсын", – деп жазды Жанар Байсемізова.