Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан өңірлерінде бірыңғай сағат белдеуіне көшу кезінде мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Қазақстандағы бірыңғай сағат белдеуі: мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін
Фото: baq.kz
2,054
оқылды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан өңірлерінде бірыңғай сағат белдеуіне көшу кезінде мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министр уақыттың өзгеруіне байланысты  сабақтың басталу уақытын қайта қарау әкімдіктер қарауына берілетінін айтты.

"Оқу уақытына келетін болсақ, бұл жерде, әрине, қажет болған жағдайда мүмкіндік береміз, ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, сағат 8.00-де сабақ басталатын мектептер сағат 8.30-да бастай алады және т.б. Мұнда әрбір ұйым мен әкімдікте дербес шешім қабылдауға болады", – деді Бейсембаев брифингте.