«ҚазАвтоЖол» ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар 19 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады.
Абай облысы – жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол.
1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
Шығыс Қазақстан облысында 7 учаске, жалпы ұзындығы – 1238 км.
1. Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы – 58 км.
1. ««Алматы-Өскемен» - Үшарал қ. - Абай обл. шек. (қоғамдық және жүк көліктері үшін)
Қарағанды облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы – 103км.
1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» - Қарқаралы қ. - Абай обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)
Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы – 83 км.
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек. - Арқалық қ.
Павлодар облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы – 160 км.
1. «Омск-Майқапшагай» - Кежекөл к. - Абай обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)
Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы – 115 км.
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к. - Қостанай обл. шек (барлық көлік түрлері үшін)
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 281 бірлік техника және 468 жолшы жұмылдырылды.