Оның 4-қабаттан секірмек болғанын тұрғындар байқаған.
Шымкент қаласында оқушы қыз терезеден секірмек болды
536
оқылды

Қызды құтқару сәті полиция қызметкерлерінің бейнежетонына түсіп қалған, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Төртінші қабаттың терезесінде отырған жасөспірім туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің экипаждары бірден құтқару жұмыстарына кірісті", - деп жазды ведомстводан.

Екі инспектор сыртта қалып, қызды әңгімеге тартты. Қателік жасамауға шақырып, назарын аударды. Қолайлы сәтті пайдаланған қалған екі офицер ғимаратқа кіріп, жасөспірімді ұстап алып, қауіпсіз жерге алып шықты.