Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.
Сағат ауысқанда оқушылардың сабағы қалай реттеледі?
primeminister.kz
1,099
оқылды

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу және оның оқу процесіне әсері туралы айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Не дегенмен, бұл шешімді тиісті сарапшылар қауымдастығы мен ғалымдар талдап-тексеріп, қабылдады. Сондықтан, мұндай шешім қабылданған болса, барлығы орынды», — деді Ғани Бейсембаев Үкіметте өткен брифингте.

Сонымен бірге, министр уақыт ауысуының мектептердегі оқу процесіне ықтимал әсері туралы айтып берді.

«Оқу уақытының есебінен, әрине, жергілікті атқарушы органға қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз», - деп толықтырды спикер.