Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер сотталды
Фото: ҰҚК
854
оқылды

Ақтау қаласында мемлекеттік ақпарат жүйелерді бұзып, мәліметтерге заңсыз қол жеткізген хакер үш жылға сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды», – делінген хабарламада.

Айыпталушының ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.