Қайрат Бижанов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Жақиянұлы Бижанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Қайрат Бижанова еңбек жолын 1994 жыл Қостанай облысының салық инспекциясы органдарында бастады.
Аудандық салық инспекциясының инспекторынан облыстық департамент басшысына дейінгі жолдан өтті.
Әр түрлі жылдары Жамбыл және Ақтөбе облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерін басқарды.
Қаржы полициясы, прокуратура және ҚР Жоғарғы Соты органдарында өзге де басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2019 жылдың маусымынан Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.
2021 жылы Нұр-Сұлтан (қазіргі Астана) қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды.