Журналистің айтуынша, сүйіктісі алдағы уақытта үйленуге ұсыныс жасап қалуы да әбден мүмкін.
"Саусағыма жүзік тағылғанда ер-азаматымды көрсетемін": Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты шындықты айтты
Фото: stan.kz
1,564
оқылды

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жеке өмірі жайлы сыр шертіп, бүгінде арқа сүйер азаматы бар екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Журналистің айтуынша, сүйіктісі алдағы уақытта үйленуге ұсыныс жасап қалуы да әбден мүмкін.

Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты бар шындықты ALIBEKOVKZ Youtube арнасына берген сұхбатында ақтарды. Тележүргізуші саусағына сақина тағылғанда ғана ғашығын көпшілікке көрсетпек.

"Екінші жартымды тапқан сияқтымын. Жақын арада үйленуге ұсыныс жасайды деп ойлаймын. Оны алдағы уақытта көре жатарсыздар. Біз үйлену тойды дүркіретіп өткізбейміз. Өйткені бақыт пен махаббат тек тыныштықты жақсы көреді. Маған үнемі ер адамның үлкен болғаны ұнайтын, арамыз кем дегенде 5 жас болуы керек. Саусағыма жүзік тағылғанда ер азаматымды көрсетемін", – деп ағынан жарылды продюсер.