Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.
Қазақстанда ертең ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді
Фото: Александр Павский / Kazinform
1,090
оқылды

23 ақпан, жұма күні еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.

Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен зілзала кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру.

«ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес береді», – делінген хабарламада.