"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Алматы маңында 4,6 магнитудалық жер сілкінісі болды
18,241
оқылды

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында тағы да жер сілкінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жерасты дүмпуін Астана уақытымен сағат 13.59-да тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы  9,9. Жер сілкінісінің магнитудасы  4,6",  делінген хабарламада.

41 минуттан кейін дәл осы ауданда 4,2 балдық жер сілкінісі болды.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Еске салайық, 22 ақпан түнгі сағат 00.26 кезінде Алматы тұрғындары 2 балл көлемінде жер сілкінісін сезген еді.