Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында 23 ақпанда сағат 10:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді.
«Мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік таныту және тыныштық сақтау сұралады. Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты қала тұрғындарының төтенше жағдайларда іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру болып табылады», - делінген қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сейсмикалық жаттығулар күні сағат 10:00-де қалалық ескерту жүйесі іске қосылады. Іс-шараның суық мезгілде өткізілуіне байланысты ТЖД азаматтардан жылы киініп, эвакуациялануды сұрады.
Еске салсақ, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады.
Сейсмологиялық зерттеулер мен бақылаулардың ұлттық ғылыми орталығы болжамды комиссиясының мәліметі бойынша қалада 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі болмайды.