Қазір республикалық маңызы бар жолдарда 401 бірлік техника мен 727 адам жұмылдырылған.
Ауа райына байланысты 4 облыстағы 12 жол жабылды
Фото: видеодан скриншот/"ҚазАвтоЖол"
1,380
оқылды

Ауа райының нашарлауына байланысты 4 облыстағы республикалық маңызы бар 12 жолда қозғалысқа шектеу енгізілді. 

Абай облысы  – жалпы ұзындығы 153 шақырым 3 жол. 

1. «Алматы-Өскемен» - Шығыс Қазақстан облысы шек. -Қалбатау ауылы. 

2. «Өскемен-Семей» – Шығыс Қазақстан облысы шек. - Семей қ.

3. «Омбы-Майқапшағай» - Шығыс Қазақстан облысы шек. -Бұғаз ауылы. 

Шығыс Қазақстан облысы – барлығы 7 жол.  Ұзындығы – 1238 км. 

(қауіпке байланысты ауа температурасының -45°С дейін төмендеуі өздігінен қар көшкіндері) 

1. Барлық бағыт, облыс бойынша (қоғамдық көліктер мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған көліктер үшін).

2. «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын - Катон-Қарағай -«Рахмановские ключи» - Берел а. – «Рахмановские ключи» шипажайы. 

(көліктердің барлық түрі үшін) 

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырым 1 автожол.

1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл.шек. - Арқалық қ. (көліктің барлық түрі үшін) 

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автожолда (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі) 

1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау ауылынаң.-Қостанай обл. шек.  (барлық көлік түрі үшін).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 401 бірлік техника мен 727 адам жұмылдырылған.