Елордада 12-қабаттағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21:30-да Қайым Мұхамедханов көшесінде пәтер өртеніп жатыр деген хабар түсіп, елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына аттанған.
«Құтқарушылар тиісті мекенжайға келген кезде 12-қабаттағы пәтердің терезесінен сыртқа жалын көрініп, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.
Сағат 21:51-де өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. Өртті сөндіруге Астана қаласының ТЖД жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.