Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жетісу облысында - жалпы ұзындығы 100 шақырым 1 автожол (шектеулі көрініс, боран)
1. Үшарал-Достық, Көктума бекетінен Достық бекетіне дейін (барлық көлік үшін)
Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырым 1 автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек. - Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автожолда (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к. - Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрі үшін).
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 387 бірлік техника және 796 жолшы жұмылдырылды.