Өртті жеке құрамнан 6 адам және 2 арнайы техника үш сағаттың ішінде толық сөндірді.
СҚО-да өртенген үйден әйелдің мәйіті табылды
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі
609
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында жеке тұрғын үйде өрт шығып, 73 жастағы әйел қаза тапты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Новоукраинка елді мекені  Армянская көшесінде тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар «101» жедел арнасына бүгін сағат 1.30 шамасында түскен. Ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімшесі 10 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Тұрғын үйдің жалпы аумағы 200 шаршы метр, өрт 96 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан осы үйдің иесі 1951 жылы туған әйелдің денесі табылды. Көршілерінің айтуынша, ол жалғыз тұрып келген. Алдын ала болжам бойынша, пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған», – делінген хабарламада.

Өртті жеке құрамнан 6 адам және 2 арнайы техника үш сағаттың ішінде толық сөндірді.