«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің батысында антициклон әсері сақталады.
-38 градус аяз, тұман, көктайғақ: 24-26 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды
фото: Halyq Uni

Синоптиктер 24-26 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің батысында антициклон әсері сақталады. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың қалған бөлігінен атмосфералық фронттар өтіп, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.

"Еліміздің батысында ауа температурасында өзгеріс күтілмейді, республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 градус аяздан 10-23 градус аязға дейін жоғарылайды, шығыста түнде 12-22 градус аяздан 23-38 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 градус аязға дейін төмендейді", – деп жазылған мәліметте.