Хабар-ошарсыз кеткен қыз кәмелет жасқа толмаған.
Абай облысында полиция 13 жастағы оқушы қызға іздеу жариялады
Фото: Абай облысы ПД
788
оқылды

Абай облысы Полиция департаменті 13 жастағы оқушы қызға іздеу жариялады.

Облыс орталығының тұрғыны Наргиз Өнерқызы Бағдатбекова (02.02.2011 туған) осы жылдың 23 ақпанында сағат 10:00 шамасында Семей қ., Восточный правый 4287 мекенжайындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, сол күйі оралмаған. 

Қазіргі уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткен қыз кәмелет жасқа толмаған.

Полиция тұрғындарға қызды іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш жасады.

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 150-155 см. арық денелі.

Киген киімі: қысқа қара куртка, қара бас киім, қара шалбар, аяқтарында қара түсті аяқкиім, қара түсті рюкзак.

«Егер сіз фотосуреттегі жасөспірімнің орналасқан жерін білсеңіз, телефон арқылы хабарлауды сұраймыз», - деді полициядан.