"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады, – деп жазады Aikyn.kz.
Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар жауады, боран соғады, жел күшейеді.
Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман болатыны хабарланды.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел солтүстік-батысқа қарай соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -31-33°C, күндіз -15-17°C.
Алматыда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°С.
Шымкентте күн ала бұлтты, өткінші қар жауып, тұман түседі деп болжанған. Солтүстік-шығыстан екпіні 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз 0-2°С.