Қазіргі уақытта оқушы қыз орталық полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр.
Абай облысында жоғалып кеткен қыз табылды
1,054
оқылды

Жоғалып кеткен 9-сынып оқушысы аман-есен табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, құзырлы органға хабар түскен бойда, полицейлер мен қыз оқитын мектеп мұғалімдері, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар жұмылып, бүкіл қала бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді.

"Олар қараусыз қалған ғимараттар мен ойын-сауық орындарын аралады. Іздеу шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны "Қазына" сауда үйінен тапты", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқушы қыз орталық полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр. Бала психологтің қарауынан кейін-ата-анасына тапсырылады.