Бұзушылықтар облыстың барлық мектептерінде анықталған.
Қарағанды оқушылары порнографиялық және есірткі сататын сайттарды еркін пайдаланған
622
оқылды

Қарағанды облысындағы мектептерде оқушылар тыйым салынған сайттарды еркін қолданған, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыс прокурорлары тексеру барысында білім алушылардың деструктивті ақпаратқа ашық қол жеткізу фактілерін анықтаған. Мәселен, Шахтинск қаласының оқушылары порнографиялық сипаттағы ақпарат пен есірткі сататын жерлерді іздеу үшін браузерлерді еркін пайдаланған. Ал Балқаш қаласында балалар «ЧВК Редан» мүшесі болу үшін тестіден өткен. Бұл ұйым агрессивті жастар тобы  және қоғамға қауіп төндіреді.

Бұзушылықтар облыстың барлық мектептерінде анықталған.

Прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Білім алушылардың теріс сайттарға кіруін шектеу жұмыстары жүргізілді,  делінген прокуратура мәліметінде.