Сотта азамат ішкі істер органдарында тіркелмеген 16 калибрлі аңшы қаруын заңсыз сақтағаны анықталды.
Атамнан қалған қару: атыраулық азамат заңсыз қару сақтаған
675
оқылды

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабы  1-бөлігімен ("Қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы") азамат Д.Қ.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Сотта Д.Қ. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, мылтықтың өзіне атасынан қалғанын, ішкі істер органында тіркелмегенін, оны тіркеудің қажеттілігін білмегенін айтты,  делінген хабарламада.  Атырау облысы Полиция департаментінің жедел криминалистикалық бөлімінің қорытындысы бойынша, Д.Қ.-дан алынған қару атуға жарамды екені көрсетілген”,  деп жазылған  Аzh.kz сайты.

Сот қаулысымен Д.Қ. кінәлі деп танылып, оның қаруы тәркіленіп, 48 300  теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.