Оқу-ағарту министріне журналистер осындай сұрақ қойды.
Мектептерде намазхана ашылуы мүмкін бе? – Министр жауабы
954
оқылды

Ғани Бейсембаевтың пайымынша, мектеп  тәрбие мен білім ошағы, деп хабарлайды Aikyn.kz.

БАҚ өкілдері "Жалпы мектептерде намазхана болуы керек пе?" деген сұрақ қойды. Ол мектеп намаз оқуға емес, білім алуға арналған орын екенін айтты.

«Мектеп, ең алдымен, тәрбие мен білім ошағы. Сондықтан  мектепті міндетті түрде ұстаздарымыз балаларды білім беруге бағыттауы керек. Үнемі айтып жүрміз. Бұл ұстанымнан біз тайған емеспіз. Сондықтан басқа мәселені көтерудің қажеті жоқ. Жалпы, мектеп – сапалы білім мен тәрбиені үйретуге арналған орын. Сондықтан бұл мүлдем мүмкін емес»», – деді шенеунік.