Республиканың бірқатар өңірінде жұма намазын оқу уақыты өзгереді.
Сағат ауысқан соң, қай өңірлерде жұма намазын оқу уақыты өзгереді?
Ummet.kz
6,031
оқылды

1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты елімізде жұма намазын оқу уақыты жаңарады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өңірлер бойынша жұма намазын оқу уақыты:

Сағат 13.00: Абай облысы;

Сағат 13.10: Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстары;

Сағат 13.15: Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары;

Сағат 13.20: Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан облыстары;

Сағат 13.30: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары;

Сағат 13.49: Атырау облысы;

Сағат 13.52: Маңғыстау облысы;

Сағат 13.55: Батыс Қазақстан облысы.

Еске салайық, мұндай шешім 21 ақпанда өткен ҚМДБ Ғұламаларының кеңесінде қабылданған. 

Биыл Рамазан айы 11 наурыз бен 10 сәуір аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 5/6 сәуір.

Ал Құрбан айт 17-19 маусым аралығында мерекеленеді.