Оны Өскемен полицейлері жалдамалы пәтердің бірінде қолға түсірді.
Бір жарым жылдан бері іздеуде жүрген шетел азаматы Өскеменде ұсталды
Polisia.kz
2,112
оқылды

Өскеменде полицейлер жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік қылмыскерді ұстады, деп жазады Aikyn.kz.

25 жастағы тәжікстандық азамат бір жылдан астам уақыттан бері алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған.

Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Тәжікстан Республикасындағы әріптестерге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, биыл ШҚО ПД қызметкерлері іздеуде жүрген 15-тен астам қылмыскерді қолға түсірген.