Жол апаты Қарағанды облысында болған.
Танымал кәсіпкер жол апатынан қаза тапты
Фото: видеодан скриншот
2,116
оқылды

Жол апаты салдарынан кәсіпкер Петр Васильченко оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Aikyn.kz «Вечерная Караганда» Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Жол апаты Қарағанды – Балқаш тасжолының Ақшатау елді мекені тұсында болған. Петр Васильченконың «Мерседес» көлігі «Газельмен» соқтығысқан. Рульде отырған кәсіпкер оқиға орнында қаза тапты. Жұбайы ауруханаға жеткізілді. 

Айта кетейік, Петр Васильченко нан пісіретін «Орион» наубайханасының иесі. 2022 жылы «Балқаш нан» комбинатын Ерлан Нығматулиннен сатып алған.