Актриса өзін көре алмаған жандар "Ақтөбе аруы" атағы оған төсек арқылы келді" деген қауесеттер таратқанын жеткізді.
Құралай Анарбекова "Ақтөбе аруы" атанғанына өкінетінін айтты
Фото: Youtube/Мамский әңгіме
2,794
оқылды

Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова "Ақтөбе аруы" байқауына қатысқан кезін еске алып, жеңіске жеткені үшін қатты өкінетінін айтты. Өнер иесінің сөзінше, ел арасында сол алған атағы жайлы түрлі қауесеттер тарап, жанына батқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Құралай Анарбекова өміріндегі өкініші туралы "Мамский әңгіме" подкастында айтып берді. Актриса өзін көре алмаған жандар "Ақтөбе аруы" атағы оған төсек арқылы келді" деген қауесеттер таратқанын жеткізді.

"Ол кезде 16 жаста болдым. Өзімді көрсетіп, танымал болғым келді. Бірақ "Ақтөбе аруы" атанғаныма өкіндім. Өйткені 16 жасымда өзіме қатысты ауыр сөздерді есту қиын болды. Ұтылған қыздар бар, тағы басқа жандар көре алмаушылықтан шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты. Олар бұл атақты төсек арқылы, біреу арқылы алды деген қауесет таратты. Бұл сөздер жаныма қатты батты. Ата-анам естемесе екен деп тілейтінмін. Ол кісілерге мұндайды есту қиын болар еді. Жалпы "мисс" деген қыздардың артынан жақсы сөздер ермейді. Мен бұндайды білгенде бұл қадамға ешқашан бармас едім. Қатты өкінемін", – деді Құралай Анарбекова.