Сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген
Қазақстанға АҚШ-тан поштамен құрамында психотроптық зат бар вейп жеткізілген
Фото: kapital.kz
1,005
оқылды

Алматы қалалық ҚМА департаменті психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін тергеп-тексеріп жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді.

Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.

Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде, тергеу мүддесіне сай өзге мәліметтер жария етілмейді.