Жүрсін Ерман айтыскер Айшолпан Тілеутайды жақтырмайтынын жеткізді.
"Айтысын жақтырмаймын".  Жүрсін Ерман Айшолпан Тілеутай туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден
19,072
оқылды

Айтыскер ақын Жүрсін Ерман қазіргі жастардың айтысы туралы айта келіп, айтыскер Айшолпан Тілеутайды жақтырмайтынын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Жүрсін Ерман АЙТЫС STRICE бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Айшолпанның айтысын мен жаратпаймын. Дөрекі сөздермен айтысады. Өзін-өзі ұстауы да сондай айқай-шуға басып. Бірақ халық сұрағаннан кейін қосамыз. Халыққа не керек? Шу керек, шоу керек. Ол шоумен өзінше. Осындай ақындар бар", – деді ол.