Өнер иесі жазған хатын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Шегі көрінер емес, қараңғы": Асқар Жұмабеков тағы да түрмеден хат жазды
Фото: instagram.com/askarzhumabeqov
933
оқылды

Көпшілікке отандық сериалдар арқылы танылған актер Асқар Жұмабеков тағы да хат жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі жазған хатын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Ойларымның бәрі ақ параққа үздіксіз төгіле бастады. Бірі – көңілден шықса, бірі – қоқыстан орнын тапты. Көңілден шыққанын кейін жазармын. Қазіргі жағдайым бірқалыпты. Қуантарлық жаңалық та болмай тұр. Бірақ үмітім үзілмеді. Бір ойым, мені бір түбі жоқ құдыққа лақтырғандай. Шегі көрінер емес, қараңғы. Енді бір ойым, мүмкін сол қараңғылықтың артында жарық атты үміт күтіп тұрған болар… Әзірге осы. Иә Аллаһым, бұл күндерді артта қалдырып, жақсы күндерді нәсіп ете гөр!  Ең бастысы, бұл сынақта сабырлық серігім болып, рухым сынбасын. Мен сіздермен мақтанамын!», – деп жазды ол.