Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 30 км 1 автожол. (қар көшкіні қаупіне байланысты)
1. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары», Берел а.-Рахман қайнары. (автокөліктің барлық түрі үшін)
Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (боран, шектеулі көрініс)
1. «Алматы-Ташкент-Термез», Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады). (автокөліктің барлық түрі үшін)
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға 363 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.