Тістің ауырғаны ең әуелі жүйке жүйесіне әсер етеді.
Тіс ауруын басатын әдістер
Фото: pexels.com
4,326
оқылды

Тіс ауруының түрлі себебі бар. Мысалы, тіске қанқұрт түсіп, қажалуынан немесе эмальдің әлсіреуінен ауыруы мүмкін. 

Жалпы, тіс неден ауырады? Бұған бірнеше себеп бар: тәтті тағамдар мен газдалған сусындарды көп мөлшерде тұтыну, сағызды ұзақ уақыт шайнау, тіс күтіміне салғырт қарау және т.б. Тістің ауырғаны ең әуелі жүйке жүйесіне әсер етеді. Бұл суық, ыстық, тәтті, қышқыл тағамдарды жеген кезде, ауа тигенде сезіледі. Содан кейін адамның температурасы көтеріліп, басы айналып, ұйықтай алмай, беті ісіп кетеді.

Мұны үй жағдайында қалай емдеуге болады? Алдымен ауырған кезде тісіңізді тазалап алыңыз. Ауыз қуысын тұз, ас содасы қосылған жылы сумен бірнеше рет шайыңыз. Пияз бен сарымсақты үккіштен өткізіп, тұзбен, содамен араластырыңыз. Оны дәкеге орап, ауырған тіске басыңыз. Бұл әдісті күніне әр екі сағат сайын екі-үш рет жасауға болады. Орамалға салынған мұз кесектерін бетіңізге басу арқылы ауруды бәсеңдете аласыз. 

5-6 тамшы йод пен 1 қасық тұзды 1 стақан суда ерітіп, ауырған тісіңізді шайыңыз. Мұнымен қоса ауруды жеңілдетуге нүктелі массаж көмектеседі. Жоғарғы еріннің үстіндегі нүктені тауып, бірқалыпты массаж жасай отырып ауруды басуға болады.

Тісім сау болсын десеңіз, тіс дәрігеріне қаралып тұрыңыз. Себебі тістің ауырғаны басылғанымен, артынша қайта пайда болып, созылмалы түрге көшуі мүмкін. Сондықтан аурудың алдын алып, тіс күтіміне мән бергеніңіз жөн.