"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 29 ақпан және 2 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қыс аяқтала қоймайды": 29 ақпан – 2 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: egemen.kz
25,874
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 29 ақпан және 2 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамандардың болжамынша, күнтізбе бойынша көктем мезгілі келгенімен күн жылынбайды.  

"Күнтізбе бойынша көктем мезгілі келгенімен қыс аяқтала қоймайды. Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынына қарамастан, еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіне екі циклон әсер етіп, жауын жауып, жел күшейеді. Температуралық фон да теріс мәндерін сақтайды, яғни ауа райы салқын болады. Тек Қазақстанның батысында күндіз термометрлердің бағандары 10 градусқа дейін жоғарылап, жылынады", – делінген хабарламада.