Қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды.
«Талдықорған қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпталған күдікті К-ға қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Процесс жабық режимде өтіп жатыр», – деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.