"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 29 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі күтіледі.