Бүгін сағат 21.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбылда жол жабылды.
Жамбыл облысында жол жабылды
1,127
оқылды

Республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол боранға байланысты жабық. 

«Алматы-Ташкент-Термез»,  Кенен а. - Қайнар ауылының арасы жабық. Ескі Қордай асуы арқылы жүргені жөн», – делінген «Қазавтожолдың» хабарламасында. 

Республикалық маңызы бар автожолдарда 296 бірлік техника және 489 адам қар күреп жатыр.