Ғазизбек Саматов Қайратұлы 1986 жылы 1 тамызда Тарбағатай ауданы Тұғыл кентінде дүниеге келген.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қаржыгер» мамандығы, Азаматтық авиация академиясында «Әуе көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алған.
Көп жылдар бойы «Өскемен әуежайында» басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, 2018 жылдан бастап «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС директорының көмекшісі – сапаны бақылау аудиторы қызметін атқарды.
Тағайындауға дейін «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС директорының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары – авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы болды.