Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйок­­ты Мажарстан Прези­денті лауа­зымына сайла­нуы­мен құт­тықтап, жеделхат жолдады.
Президент Тамаш Шуйокты құттықтады
фото: Akorda.kz
518
оқылды

– Сіздің орасан зор саяси тә­жірибеңіз бен алға қойған тың жоспарларыңыз еліңіздің болашағын жарқын етіп, хал­қыңыздың ырыс-берекесін еселеуде мызғымас негіз болаты­нына нық сенімдімін. Тамыры тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стра­тегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентінің аса жауапты қыз­метіне толағай табыс, ал бауырлас мажар халқына құт-береке тіледі.