Экс-министрге өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Арыстанбек Мұхамедиұлына жаңа жаза кесілді
Фото: Halyq Uni
897
оқылды

Экс-министрге өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Бұған дейін сот бұрынғы шенеуніктің әйелін пара алу бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын. 

Мұхамедиұлының адвокаты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналыса алмайды. 

Айта кетсек, экс-министрдің бұған дейін 11 жылға сотталғанын жазған болатынбыз. Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған еді.

Антикор музей басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу барысында қаржы жымқырды деген айып тақты. Дегенмен Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта кінәсін мойындамады.

Сондай-ақ сот А. Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты.