Қылмыскер өз елінде танысын өлтіріп, қашып кеткен.
Кісі өлтіргені үшін 25 жыл іздеуде жүрген шетелдік Қазақстанда ұсталды
753
оқылды

Адам өлтіріп, 25 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік азамат Ақмола облысында ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған ер адамға 25 жыл бұрын Ресей Федерациясының Томск облысы бойынша ІІМ Басқармасы іздеу жариялаған.

“Қазақстан азаматы 1999 жылдың 12 наурызында Томск қаласында өзінің танысын өлтіріп, қашып кеткен. Кейін оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды. Күдіктінің орналасқан жерін бірден анықтау мүмкін болмағандықтан, Ресейдің Томск облысы бойынша ІІМ Басқармасының Октябрь ауданы бойынша ІІМ Бөлімі іздеу жариялаған. Ер адам 25 жыл бойы жасырынып келді. Жақында Атбасар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ауылдардың бірінде жүрген ауыр қылмысқа күдікті ер адамды анықтады”, – делінген ведомство хабарламасында.