Ол балалардың көзіндегі қуаныштан толқып кеткенін жасырмады.
"Анасы да, әкесі де жоқ": Қазақстанға қайта келген Жәнібек балалар үйіне барды
Фото: instagram.com/Murat Saveliev
20,929
оқылды

Туған анасын іздеп Қазақстанға қайта келген Мұрат Савельев (Жәнібек) Астанадағы балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Менің өмірім Қазақстанның Арқалық қаласындағы Балалар үйінде басталды. Соңғы айларда мен бұрын Балалар үйінде жұмыс істеген кейбір тәрбиешімен танысуға мүмкіндік алдым. Мен оларға өте ризамын. Осы мейірімді мерекеде алғысымды білдіру үшін, Астанадағы балаларды қуантып, көптеген сыйлық, ойыншықпен баруға маған рұқсат етілді", - деп жазды Жәнібек. 

Ол балалардың көзіндегі қуаныштан толқып кеткенін жасырмады.

Кейбір балалардың анасы да, әкесі де жоқ және олар кәмелет жасқа толғанға дейін осы Балалар ауылында, түрлі жастағы балалармен бірге аралас отбасында тұрады екен. Олар сыйлықтарды алып, ашып, көріп жатқанда, жүзіндегі қуанышты байқап, өзім де толқып кеттім. Осы ерекше мерекеде менің тілегім – әр баланың жақсы, жылы үйде өмір сүргенін қалаймын. Әр баланың әдемі әпкесі мен ағасы болып, жалғызсырамауын тіледім. Әр адамның алдында жарқын болашақ болса екен деп тілеймін, - деп жазды ол Instagram парақшасында.