ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов істі болған Қайрат Боранбаевтан активтерді қайтаруға қатысты түсінік берді.
Қайрат Боранбаев бюджетке тағы қаражат аударады
Фото: kaztag.kz
761
оқылды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов істі болған Қайрат Боранбаевтан активтерді қайтаруға қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазақпаратқа» сілтеме жасап.

«Ол бұған дейін сот үкімі бойынша сотталып, шығын өтелген. Бұдан бөлек, ол бюджетке қосымша 120 млрд теңгені өткізді. Қазіргі кезде ол тағы да бюджетке қаражат аударуды қарастырып отыр. Өйткені басқа да қылмыстық істер бар. Яғни, жеке тұлғаның салық төлеуден жалтару, қаражат жымқыру әрекеттері тексерілді. Осы істер аясында қазір активтерді қайтару жұмысы атқарылып жатыр», – деді Ж. Елемесов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін Kazinform кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың мемлекет меншігіне қайтарған активтеріне шолу жасаған еді.