Күдікті 51 жастағы ер адам ұсталды.
Атырауда есірткі зертханасы анықталды
1,466
оқылды

Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинология қызметі орталығының қызметкерлері бірлесіп үйінің ішінде қарасора өсімдігін өсірген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ол үйінде өсімдікке жылу беру үшін жарық және жылу шамдарын, топырақ және суару жүйелерін орнатып есірткі фитозертханасын жабдықтаған. 

Тексеру барысында салмағы 1 келіден астам 68 қарасора  тәркіленді. 

Қазіргі таңда құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Баян Жанұзақова