Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
Павлодарда сауда үйінде батут өртеніп кетті
490
оқылды

Павлодарда сауда үйінде батут өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД-ға Мәметова көшесі, 11 мекенжайындағы Сауда үйінің 2-қабатында батут өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеке құрамнан 10 адам мен 2 техника дереу жетті. 

Төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері келген кезде 2-қабатта түтін шыққаны анықталды.

Сауда үйінде адам болған жоқ.

Сағат 09:12-де өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.