Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинология қызметі орталығының өкілдері бірлесіп үйінде қарасора өсірген 51 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады.
Атырау тұрғыны фитозертханада есірткі өсірген
629
оқылды

Ол өсімдікке жылу беретін жарық құрылғылары мен суару жүйелерін орнатып, құнарлы топырақ пайдалана отырып есірткі фитозертханасын жабдықтаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тексеру барысында салмағы 1 келіден астам 68 түп қарасора тәркіленді. 

Қазіргі таңда құрамында есiрткi заттары бар тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.