Қалыптасқан өнегелі дәстүр бойынша, біз, көктемнің алғышқы күнінде ел азаматтарын, барша отандастарымызды, бауырларымызды мызғымас бірлік пен құрыштай ынтымаққа, шынайы баурыластық пен өзара құметке, ізгілікке һәм берекетке жетелейтін Алғыс айту күні мерекесін атап өтеміз.
Баршаға да мәлім болғандай, бұл мереке – қан-қасап қуғын-сүргін, нәубет жылдарында ауыр азап шеккен халықтарға дарқан да дара болмысымен құшақ жайған, дәм-тұзымен бөлісе отырып тағдыршешті тарихи қолдау көрсеткен қазақ халқына ризашылық білдіру күнімен қатар, еліміздегі тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша азамат, отандастардың өзара бауырластығын, достығы мен бірлігін, ынтымағын бекемдей түсетін, өзара ізет пен құрметтің жарқын үлгісін тек елімізде ғана емес, сонымен қатар күллі әлемге мақтанышпен паш ететін маңызды күн.
Бұл күннің маңызы мен мазмұны, қазіргі таңда айрықша орын алып отыр. Өйткені Еліміз, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әділетті Қазақстанды құру жолында.
Бұл тұста, Президентіміз бүгінгі құттықтауында айтып өткендей: «Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды»!
Сондықтан да, бүгінгі бірегей меркеге орай өзім басқаратын «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ және өз атымнан Әділетті Қазақстанды құру жолында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шын жүректен алғыс айтамын. Президент бастамаларын толық қолдаймын. Қазақстанның жарқын болашағы мен елдің ынтымағы жолында тынбай еңбектеніп жүрген барша бауыр, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерін шын жүректен құттықтаймын!