Бұл жолы колумбиялық Виктор Хулиомен (17-11, 9 КО) кездесті.
«Қазақ королі» атанған боксшы 17-жеңісінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты
Фото: sports.kz
2,228
оқылды

Наурыздың 1-нен 2-не қараған түні Телфордта (Англия) өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (17-0, 12 КО) жеңіске жеткен болатын. Боксшы жеңісінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Бүгін 17-жеңісіме қол жеткіздім, бәрі енді басталды. Мені қолдаған жанкүйерлеріме алғысым шексіз!», – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

«Қазақ королі» атанған боксшы бұл жолы колумбиялық Виктор Хулиомен (17-11, 9 КО) кездесті. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. 

Осылайша Сұлтан Заурбек кәсіпқой бокстағы он жетінші жеңісіне жетті.